Уимблдон турнирінің үшінші кезеңінде Михаил Кукушкинге әлемдік рейтингтің көшбасшысы испаниялық Рафаэль Надаль қарсылас атанды.

Бірінші сеттің жеңімпазын тай-брейк анықтады, бұл жерде қазақстандықтың бағы басым болды. Қалған үш сетте испаниялық теннисші қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, барлық партияда 6:1 есебімен жеңді.

 

Рафаэль Надаль (Испания) – Михаил Кукушкин (Қазақстан) 6:7 (4:7), 6:1, 6:1, 6:1