Футболдан Қазақстан чемпионатының аутсайдері семейлік «Спартак» өз алаңында күтпеген жерден шымкенттік «Ордабасыны» тізе бүктірді.

Кездесудің алғашқы минуттарында-ақ алаң иелері қос гол соғып, ойынның тағдырын шешіп тастады. Алдымен Филипп Рудик есеп ашса, кейін Владислав Ахмеев команданың басымдығын арттырды. Қалған минуттарла қос клубтың да ұмтылыстары нәтижесіз болды. «Спартак» биылғы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді, ал Саулюс Ширмаляс шәкірттері алғашқы алтылық қатарына ену үшін болып жатқан тартысты маңызды үш ұпайдан айырылды.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 18-ші тур.

«Спартак» - «Ордабасы» - 2:0 (2:0)

Голдар: Рудик 10; Ахмеев 16