Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 18-ші турындағы қалған ойындар өтті. Бұл күнді Таразда жергілікті команда мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы кездесу ашты.

Алғашқы таймда қос команда да бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. Үзілістен кейін жанкүйерлер екі голдың куәсі болды. Алдымен 75-минутта Мұрат Тілешев тараздықтарды алға шығарса, 83-минутта Огнен Красич таразы басын теңестірді.

Бұл ойыннан кейін екі клуб та турнир кестесіндегі бұрынғы орындарында қалды.

Тараз – Тобыл 1:1 (0:0)

Голдар: 1:0- Тілешев 75, 1:1 – Красич 83