Футболдан Бразилияның бас бапкері Луис Фелипе Сколари Чилиге қарсы кездесу қарсаңында қарсыласы жайлы пікірімен бөлісті.

 

«Әрине, плей-офф кезеңіне шыққан соң біраз қобалжып жүрміз. Ешқандай қателікке жол бермеуіміз қажет. Чилидің тізгінін Хорхе Сампаоли ұстағаннан бері олардың ойыны жаңарды. Чили құрамасы бастапқы ойындардан бастап өздерінің мықтылығын дәлелдеуде. Десек те, бүгін ұтуымыз керек. Чилиден жеңілсек, жарыс жолынан шығып кетеміз. Жанкүйерлеріміз бізге мұны кешірмейді», - деді Сколари.   

 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлем біріншілігінің 1/8 финалында Бразилиялықтар Чилимен кездеседі.