Қарағандыда Сәкен Сейфулин атындағы драм театрында жыл сайын өтетін Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын марапаттау кеші өтті.

Жеңімпаздардың қатарында «РRОСПОРТ» басылымы мен сайтының тілшісі Семен Неверов болғанын ерекше атап өткіміз келеді. Семен «Жылдың үздік шығармасы» номинациясында топ жарды. Оның Қазақстан футболының жүз жылдығына және «Шахтердің» 55 жылдығына орай шығарған «Алға, Шахтер!» еңбегі үздік атанды. «Алтын Сұңқар» сыйлығының иегерлерін Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сәпиев пен «Шахтер» мен жастар құрамасының футболшысы Тоқтар Жанғылышбай марапаттады.