«Краснодар» футбол клубының президенті Сергей Галицкий Ресей құрамасының Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында көрсеткен нәтижесі туралы ойымен бөлісті.

«Менің әлем біріншілігі туралы жеке пікірім. Біріншіден: мойындау керек қазіргі құрамаданда дарынды ұрпақ болған. Екіншіден: жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар күрес жүргізуді ұнататын футболшылар емес. Бельгиялықтар мен алжиліктер біздің ойыншыларға қарғанда белсендірек көрінді. Үшіншіден: «4-4-2» сызбанұсқасы «4-3-3» қарағанда допты көбірек бақылауға арналмаған. Ортаға жиналған футболшылар доппен ұзақ жүруді қалайды, ал олар бір бірінен тым алшақ орналасқан.

Төртіншіден, шабуылдаушы жартылайқорғаушылардан Дзагоев барлық кемшіліктеріне қарамастан ең белсенді ойыншы. Бесіншіден, қақпашыдан қателесті (әрине Акинфеев мықты қақпашы, бірақ бұл оның чемпионаты емес). Ал осындай қысқа ойын уақытында кішкене бақ керек. Бақ шаба ма, бап шаба ма деген осы», – деп жазды Галицкий «Твиттердегі» ресми парақшасына.