Шымкенттік «Ордабасы» ойыншысы Младен Лазаревичті шұғыл түрде ота жасау керек, алайда клуб басшылығы оның өткізілуіне қарсы.

«Младен иығын жарақаттап алған, сондықтан оған шұғыл түрде отау жасау керек. Әзірше ол алаңға шыға алмайды. Бірақ клуб басшылығы оны командамен бірге жаттығып, қосалқы құрам үшін ойнауын талап етуде. Мен оған көмектесемін деп уәде бергенмін, сол себептен тілшілер қауымымен байланысып отырмын», - деді белгісіз болып қалғысы келген адам «PROСПОРТ» тілішсіне.

Естеріңізге сала кетейік, 30  жастағы қорғаушы маусым басын балдыр бұлшық етінің жарақатынан өткізіп алды.