Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Шәйжүнісов корольдік Испания футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі Хасинто Андрес Алонсомен кездесті.

Айта кетейік, испаниялық делегация Астанаға жасөспірімдер арасындағы жетінші халықаралық «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» турниріне келген болатын. Кездесу барысында тараптар екі елдің футбол федерациялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтсақ, қазақстандық жаттықтырушыларды қайта даярлау мен құрама командалар арасында жолдастық кездесулер өткізу жағы қарастырылды.

Сондай-ақ, тараптар қазіргі Ынтымақтастық меморандумы аясындағы өзара байланысты кеңейтудің жолдарын да талқылады. Х.А.Алонсо Мараньонның айтуынша меморандум еліміздегі футболдың дамуына серпін береді.

Бұған дейін хабарланғандай Қазақстан және Испания футбол федерациялары президенттерінің келісімдері арқасында Испания жасөспірімдер құрамасы (-17) биыл тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына қатысуда.

 

Ақпарат ҚФФ ресми сайтынан алынды