Қазақстан біріншілігінің 18-турында ел чемпионы «Ақтөбе» елордалық «Астананы» қабылдады.

Ақтөбеліктер ойынды белсенді бастады. Бұның пайдасын 3-ші минутта-ақ көрді, бұрыштан әуелеген допты Валерий Коробкин басымен түйіндеді. Алайда командалар үзіліске кеткенше Сисеро таразы басын теңестіріп тастады. Екінші таймда қос ұжым да тырысып баққанымен, тоблодағы есеп өзгерген жоқ.

Нәтижесінде, «Ақтөбе» қатарынан бесінші кездесуінде жеңіске жете алмады. Осылайша батысқазақстандықтар мен екінші орындағы «Қайраттың» арасы 3 ұпай ғана болды. Ал «Астана» төртінші сатыға түсті. Үздік үштікті қарағандылық «Шахтер» түйіндеп тұр.

Алматылықтар «Ақтөбеге» келесі ойында-ақ жетіп алуы мүмкін. Себебі 19-турда оңтүстік астаналықтар өз алаңында осы «Ақтөбені» қабылдайды.

Биыл еурододада ел намысын қорғайтын төрт команда өзара алғашқы төрт орынды сарапқа салып келе жатыр.

«Ақтөбе» – «Астана» 1:1

Голдар: 1:0 – Коробкин 3, 1:1 – Сисеро 32