Англия құрамасының ойыншысы Люк Шоу «қызыл сойқандар» сапына ауысты, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.

18-жасар сол қапталдағы қорғаушыны манкуниандықтар 30 миллион фунтқа сатып алды. Келісімшарт мерзімі 4 жыл және тағы бір жылға созылуы мүмкін.

«Мен «Манчестер Юнайтедқа» ауысқаныма өте қуаныштымын әрі қобалжудамын. «Юнайтедте» мен жан жақты өзімді таныта аламын. Бұл қадам өмірімнің жарқын болашағына деген қадам», - деді Шоу клубтың ресми сайтына.