Футболдан ел бірінішілігің 18-ші туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында алматылық «Қайратқа» жол берді.

62-минутта команданың жаңа ойыншысы Бауыржан Байтана соққан гол оңтүстік астаналықтарға жеңіс әкелді.

Бұл жеңісінен кейін «Қайрат» екінші орнында қала бермек, ал павлодарлықтардың алғашқы алтылыққа енуі қиындай түсті. «Ертіс» 21 ұпаймен 8-сатыда. Алайда олардың қарсыластары өз ойынын ойнаған жоқ, демек бұл орыннан да түсіп қалуы әбден мүмкін.

«Ертіс» – «Қайрат» 0:1 (0:0)

Гол: 0:1 – Байтана 62