Футболдан ел біріншілігінің 18-ші туры аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.

«Кеншілер» Дмитрий Огайдың командасынан 4:1 есеппен басым түсті. Алдымен, Қонысбаев матчтың 15-ші минутында есеп ашты. Артынша, Михрет Топчагич пен Роман Мұртазаев есепті іріге жеткізді. Екінші таймда «Шахтердің» австриялық легионері дубльдің авторы атанды. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда «Қайсардың» үздік сұрмергені Римо Хунт жалпы есепті қорытындылады – 4:1.

Футболдан ел біріншілігі. 18-ші тур

«Шахтер»-«Қайсар»-4:1

Голдар: Қонысбаев, 15, Топчагич 43, 58, Мұртазаев, 43 – Хунт, 85