Орал Аманжолов - қазақ теннисін жақсы білетін адам. Атақты маман спортшыларымыздың «Уимблдондағы» өнері туралы пікірін айтып, алдағы ойындарға болжам жасады.

«Келесі раундқа тек екі қызымыз ғана өте алатын секілді, олар – Зарина Диас пен Ярослава Шведова. Соңғысына келесі матчта жеңіске жету оңайға түседі. Себебі оның қарсыласы америкалық Мэдисон Киз болмақ. Ал Заринаға келетін болсақ, ол өз ойынын таба алмай жүрген ресейлік Вера Звонареваға қарсылық білдіруі мүмкін. Өкінішке қарай, Михаил Кукушкин ерлер арасында үшінші раундқа қалған жақсы спортшымыз. Бұл айналымда оған Рафаэль Надальдің өзімен күресу қажет, сондықтан оның мүмкіндігі өте төмен», - деді Аманжолов.