Сербия астанасы Белград қаласында 2016 жылы 2-шi мен 16-шы аралығында өтетін футзалдан Еуропа біріншілігіне жеребе тарту рәсімі 19 қыркүйек күні өтеді.

Командаларды бөлу УЕФА рейтингісі мен ұлттық құрамалардың 2012-2014 жылдары өткен Әлем біріншілігі мен Еуропа чемпионатында көрсеткен нәтижесі бойынша жүреді.

Финалдық бәсекеге 12 құрама қатысады. Ал іріктеу кезеңі мынадай: 28 команда 7 топқа бөлінеді, жеңімпаздар бірден финалдық кезеңге өтеді. Екінші орын алғандар және үшінші сатыда табан тіреген бір құрама біріншілікке түсу үшін өзара күрес жүргізеді. Үшінші орын алып өтетін құрама баұытын соққан және өткізген доп санына байланысты таңдалады. Осы құрамалар Еуропа чемпионатында кім мықтыны анықтайды. Оларға тағы да жарыс иелері Сербия құрамасы қатысады.

Бірінші себет: Испания, Италия, Россия, Португалия, Украина, Хорватия, Чехия. 

Екінші себет: Румыния, Словения, Венгриия, Словакия, Голландия, Беларусь, Әзірбайжан.

Үшінші себет:  Бельгия, Босниия мен Герцеговина, Түркия, Польша, Македония, Норвегия, Қазақстан.

23-ші орыннан төмен орналасқан құрамалар іріктеу кезеңнен өтеді.