Ресей мен чехия ақпарат басымылымдары соңғы Гагарин Кубогының ақтық сынына шыққан прагалық «Лев» алдағы 2014/2015 жылғы ҚХЛ маусымына қаржылық жағдайына байланысты қатыса алмайды. Бұл туралы «Лев» командасының басшылығы клубтың ресми сайтында мәлімдеді.

«Келесі маусымға командада қаржылық қиындықтар бар. Сондықтан келесі жылы «Лев» клубы ҚХЛ маусымына қатысудан бас тартуы мүмкін. Бірақ қазір басылым беттерінде шыққан команданың чемпионаттан түсіп қалуы мүмкін деген тек қауесет қана. Соңғы шешім алдағы 30-шы маусым күні қабылданады», – деп жазылда ресми сайтта.