Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов шілденің 8-і мен 13-і аралығында Алматыда өтетін Президент кубогына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.

 

Айта кетер жайт, әр салмақта үш жерлесіміз жұдырықтасады. 

 

49 келі: Біржан Жақыпов, Теміртас Жүсіпов, Жомарт Ержан.

52 келі: Әділет Құрметов, Ільяс Сүлейменов, Ерлан Тамемов.

56 келі: Қайрат Ералиев, Ерлан Ордабаев, Жанболат Тілегенұлы.

60 келі: Берік Әбдірахманов, Закир Сафиуллин, Дархан Жұмсақбаев.

64 келі: Алмасбек Әлібеков, Айдар Әмірзақов, Асланбек Шымбергенов.

69 келі: Данияр Елеусінов, Сағадат Рахманқұлов, Алмазбек Орынғалиев.

75 келі: Жәнібек Әлімханұлы, Сапарбай Айдаров, Рустам Сваев.

81 келі: Әділбек Ниязымбетов, Нұрдәулет Жарманов, Дәурен Елеусінов.

91 келі: Антон Пинчук, Асқар Абдуллаев, Алексей Севостьянов.

+91 келі: Иван Дычко, Нұржан Бекзатов, Қамшыбек Қонқабаев. 

 

ҚБФ-ның ресми сайтынан