Манчестерлік команда «Портудың» жартылай қорғаушысын сатып алды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 
 
Фернандо Франсиске Режес лақап аты Фернандо келесі маусымнан бастап «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетеді. Бразилиялық футболшы 6-шы нөмірде ойнайтын болады.  
 
Фернандо «Порту» сапында 2007-ші жылдан бері ойнап келген және командамен бірге ел чемпионатын, Португалия кубогы мен суперкубогын, Еуропа Лигасы мен УЕФА суперкубогын ұтқан.