Махачкалиндік «Анжидің» бұрынғы ойыншысы Александр Бухаров өзіне жаңа команда іздеуде. 

Қазіргі таңда футболшы «Ростов» сапында жаңа маусымға дайындалып жатыр. Бұдан өзге, Бухаровке «Кубань» мен «Краснодар» қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ, ойыншының агентінен белгілі болғандай бұның алдында ойыншыға қазақстандық клубтан ұсыныс келген. Алайда, екі жақ келісімге келе алмады, деп хабарлайды Soccer.ru.