Қарағандының «Шахтер» командасы алдағы аптада Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді.

 Өткен жылы әлемдік деңгейдегі мықты командалармен ойнап, үздік нәтиже көрсеткен жерлестерімізден жанкүйерлер биыл да жеңіс күтеді. Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынның өтуіне санаулы күндер қалды. «Шахтер» командасы күндіз-түні жасыл алаңда тынбай жаттығып жатыр. Қарағандылықтардың алғашқы қарсыласы – Арменияның «Ширак» командасы. «Жауапты ойында бізге тек жеңіс керек», - дейді жерлестеріміз.

- «Бұл команданың Еуропа төңірегінде тәжірибесі мол. Бірақ соған қарамастан біз, «Шахтер» командасы ұтамыз ба деген ойымыз бар. Барлығымыз жанкүйер боламыз. Қазір бұған барлық жағдайды жасалып жатыр. Алғашқы ойын Арменияның Гюмри қаласында өтеді. Таулы аймақтың климаты Алматының ауарайына ұқсас. Сондықтан ойыншыларымыз өзін жайлы сезінеді деген сенімдеміз деген ойын жеткізді команданың бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков. Бұл жолғы қарсыластар оңай шағылатын жаңғақ емес, Арменияның 4 дүркін чемпионы», - дейді «Шахтер» футбол клубының директоры Ерден Халилин.

- «Көңіл-күйіміз жақсы. Жаттығу ойдағыдай өтіп жатыр. Бізге тек Қарағанды ғана емес, барша Қазақстан жұрты үлкен үміт артып отыр. Сондықтан жанкүйерлер сенімін ақтауға барымызды саламыз. Өкінішке орай, «Шахтер» командасы жауапты ойын алдында 2 бірдей қорғаушысын ойыннан шеттетуге мәжбүр болды. Евгений Тарасов пен Никола Василевич алған жарақатына байланысты бұл маусымда алаңға шықпайды. Бірақ соған қарамастан жеңіс тұғырынан көрінуге барын салытындықтарын айтуда Кумыков шәкіттері», - дейді қақпашы Александр Мокин.