ФИФА-ның тәртіп коммитеті футболдан әлем чемпионаты барысында дөрекі қылық жасаған Суарезті футболдан шеттетті.

Италияға қарсы ойында «скуадра адзурра» қорғаушысы Джорджо Кьеллинині тістеп алған Суарес Ұлттық құрама сапында 9 ойынға шыға алмайды.

Сондай-ақ ол төрт ай бойында футболға қатысты іс шараларға қатыса алмайды. Атақты  ойыншыға барлық стадиондардың есігі жабық.

Жазалау мұнымен шектелген жоқ, сонымен қатар уругвалық шабуылшы 82 мың еуро көлеміде  айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды ФИФА-ның ресми сайты.