Футболдан Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.  

VII халықаралық ҚР Президенті кубогы аясында ҚФФ-ның бас хатшысы Аллен Чайжұнысов ҚРФФ директоры Дастанбек Конокбаевпен кездесіп, екі жақ ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ қос құрамасы арасында жолдастық кездесу өткізу жайлы шешім қабылданды.