Атырау» футбол клубының жаңа ойыншысы Доминик Адийя арнайы баспасөз-маслихатына қатысты.

40-шы нөмірді таңдаған Доминик Адийя «мұнайшылар» сапында 1,5 жыл өнер көрсетеді.

Жиын барысында «Атыраудың» бас бапкері Владимир Белявский ганалық ойыншы туралы пікірін білдірді:

- Доминик – жақсы футболшы. 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында әлем чемпионы атанып үздік сұрмерген болған. Өзі шабуылға жиі араласады. Қапталдағы ойынымызды күшейтеді деген сенімдеміз.

Артынша, Доминик Адийя көрермендер алдында доп ұстау техникасын көрсетіп шеберлігін байқатты.