Армения құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Роберт Арзуманян ресейлік клубтардың назарына ілікті, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

Қазақстандық клуб пен Арзуманян арасындағы келісімшарт биылғы жылдың желтоқсан айында бітеді.  28 жастағы ойыншыға  Польшаның «Легия» клубы да қызығушылық танытуда.