Шабуылшы Максим Худяков Павлодарда қалады. Өткен маусымда 27 жастағы хоккейші «Сарыарқа», «Беркут», «Рязань» және «Ертіс» клубтарының жейдесін киді.

Жоғары хоккей лигасында ойынша 18 матч өткізіп, 3 (2+1) ұпайға ие болды. Ал Қазақстан чемпионатында 36 матч өткізіп, 30 (11+19) ұпай еншіледі.

Максим Худяков - Өскемен және Магнитогорск хоккей мектебінің түлегі.

Ол Киевте өткен Әлем чемпионатында Ұлттық құраманың намысын қорғады. Ал астаналық «Барыс» сапында өткізген 48 ойында, 15 (8+7) ұпай жинады.