«Президент кубогы - 2014» додасын сәтті бастаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қырғызстандық құрдастарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынды өте қарқынды, жылдам шабуылдармен бастаған Константин Фролов шәкірттері 8-минутта-ақ есеп ашты. Командаласынан әдемі пас алған Әділжан Жақсыбай қақпашымен жеке-дара шығып, қарсыласын айласын асырып кетті. Жылдам гол қырғызстандық футболшыларды есеңгіретіп жіберген сияқты, біраз уақытқа дейін өздеріне келе алмай жүрді. Тек бірінші таймның ортасына таман ғана қарымта шабуылдарға иек арта бастаған Нурлан Букуев шәкірттері қақпашымызды мазалай бастады. Бірақ Данил Подымовской қақпасына еш қауіп тудыра алған жоқ.

Ал Қазақстан жеткіншектері ойын тізгінін өз қолдарынан шығарған жоқ. Әсіресе, алаң ортасында ойқастаған команда капитаны Геворг Наджарян белсенді еді. Әріптасы Бактиер Зайнутдинов екеуі алаң ортасын толық өз бақылауларпында ұстап, қазақстандықтардың ойынын ұйымдастырып отырды. 

Үзіліс кезінде ойынға өзгеріс енгізуді жөн көрген Константин Фролов Жандос Солтанов пен Әлібек Қасымның орнына Алтынбек Төлеев пен Мәди Айтөрені шығарды. Нәтижесі көп күттірген жоқ: 62-минутта алыстан шірене соққан Алтынбек Төлеев допты Камчибекулы қорғаған қақпаның торына дәл тоғытты. 

Қарсыластар да қарап қалмады. Әсіресе, «стандартты» жағдайларға иек артып, Подымский айып алаңын жиі торуылдай бастады. Бірақ қорғаушыларымыз да, қақпашымыз да бұл ойында еш қателік жіберген жоқ. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанжа Ақсұлтан Асайынов үшінші голды соғып, кездесуге қорытынды нүктесін қойды, есеп - 3:0.

 

Қазақстан – Қырғызстан 3:0 (1:0)

Голдар: Жақсыбай 8, Төлеев 62, Асайынов 80+3

Ескертулер: Зайнутдинов 42 – Бектенов 80

Қазақстан: Подымский, Майраш, Қасым (Айтөре 41), Алексеев, Рысбеков (Шұғаев 73), Оразов, Наджарян, Сағынов (Асаинов 57), Зайнутдинов (Мақышев 80+2), Жақсыбай (Коряков 51), Солтанов (Төлеев 41)

Резерв: Сәрсембаев

Қырғызстан: Камчибек улы (Веселов 71), Хамид (Бектенов 76), Ахматов, Джумашев, Бакытбек улу (Калыбек 75), Кулманали улы (Талйбек улу 7), Мамбеталиев, Ибраимов (Дуйсенов 59), Абдрахманов (Сайымбек 50), Саламатов, Дурысбек улы (Болышев 78)

Резерв:

Төрешілер: Қумашев, Қасенов, Тасыбаев (бәрі де - Астана)

25 маусым. Астана. «Астана Арена» стадионы. 500 көрермен 

kff.kz