Осы маусымда бес мәрте көзге түскен шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Эдин Юнузович сатылымға шығарылды.

Бұл туралы «PROСПОРТ» тілшісі шымкенттік клубтың баспасөз-қызметкері Ренат Сууров мәлімдеді. Отандық БАҚ өкілдерінің сараптауынша Юнузович командада қалғысы келмейді.

Қазіргі таңда «Ордабасы» Қазақстан чемпионатында 25 ұпаймен бесінші сатыға жайғасқан.