Приозерскіде желкенді қайықтан әлем біріншілігі аяқталды. Апта бойы сынға түскен қарсыластар жүлделі орындарды бөлісіп, енді елдеріне қайтуда.

Желкенді қайықпен сайысқандар табиғаттың тосын мінезіне де төзуге міндетті еді. Толқынды қуа жөнелетін жел жарысқа қатысушылардың мазасын алды. Діттеген қашықтықты өте алмағандарға құтқарушылар көмекке келіп, бағыттарын түзеп берді. Олег Парамонов, жарыс үйлестірушісі \Қазақстан\:- Балқаш жарысқа келгендерді жатырқамаған сияқты. Бірақ, төрт күн бойы жел тұрып, әбігерге салды. Толқын екі метрге дейін көтерілді. Тіпті, бұл ашық теңіздерде бола бермейтін жағдай. Жарыстың өзіне келсек тартысты өтті.

Балқаш жарысқа қатысушылардың бәріне ұнаған. Нәтижені жақсарту, топ жару екінші кезекке қалғандай. «Ең бастысы, өзімізді сынау болатын»,-дейді олар. Шынында да шөгелдер мен қайраттыларға ғана бағынған биіктіктен көріну қиын болды. Экипаж мүшелері намыс туын жыққан жоқ. Сергей Кравченко \Украина\:- Құтқару қызметіне көңіл толды. Шынын айту керек. Қираған қайықтар болды. Бұзылғанын дереу жөндеп берген мамандарға мың алғыс. Желкенін жел кергендері аударылып жатты. Оны орнына қою да оңай болған жоқ. Мінезділер ғана мықтылық танытты.

Желкенді қайық жарыстыру біздің елге бұрын таңсық туризм саналған, енді әлем біріншілігін өткізетін мүмкіндігіміз бар. Екі бірдей жарыста қазақстандықтар топ жарды «Бэтмен» аталған катамаранға мінген Андрей Фролов пен «Джинджерді» «ауыздықтаған» Дмитрий Ан бәйгеде жүлделі болды.