Италия құрамасының бас бапкерілігі қызметінен кеткен Чезаре Пранделлидің орнына ресейлік «Зениттің» бұрынғы жаттықтырушысы Лучано Спаллетти келуі мүмкін.

Италиялық басылымдар хабарлағандай, тағы да тізімге  Роберто Манчини мен Массимилиано Аллегри кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, Пранделли шәкірттерінің Уругвай құрамасынан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін орнын босатты. Сонымен қатар, Италия футбол Қауымдастығының басшысы Джанкарло Абете де өз қызметінен кетті.