«Қайрат» футбол клубы ресми сайтында Еуропа лигасының іріктеу матчтарына сатылатын билеттердің құнын жариялады.

Айта кетейік, алматылық команда еурокубок жолындағы алғашқы кездесуін шілденің 3-де өткізеді. Ал қарымда матч тура бір аптадан кейін 10-ы күні өтеді. Егер де «Қайрат» «Кукеси» клубын жеңетін болса келесі кезеңде даниялық «Эсбьерг» командасымен күш сынасады.