Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Любомир Михалик  «PROСПОРТ» тілшісімен әңгіме барысында УЕФА Еуропа Лигасы жеребесі туралы ой қозғады.

«Менің бұл команда жайлы ақпаратым жоқ. Тосынсый күтпестен, оларды жақсылап зерттеп шыңуымыз керек. Шынына келер болсақ, мені кіммен ойнайтынымыз аса бір толғандырмайды, ең бастысы - біздің дайындығымыз бен ойынға деген көзқарасымыз. Сондықтан алдымен өзіңе, содан соң барып қарсыласыңа қарау керек», - деді Михалик.

Естеріңзге сала кетсек, «Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы албаниялық «Кукеси» болмақ.