Футболдан Голландия құрамасының шабуылшысы Арьен Роббен әлем біріншілігінің басты фавориті Германия құрамасы екенін айтты. 
 
«Менің ойымша, Германия - биылғы әлем чемпионатының басты фавориті. Өте керемет ойын көрсетуде», — деді Арьен.
 
Естеріңізге сала кетсек, Роббен биылғы әлем чемпионатында үш гол соғып үлгерді. Сондай-ақ, Голландия құрамасы топтық кезеңде барлық ойындарын жеңіп 1/8 финалға жолдама алды.