Уругваймен өткен кездесуден кейін Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли өз орнын босатты. 

Естеріңізге сала кетсек, әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі шешуші ойында «Скуадра адзурра» 1:0 есеппен Уругвай құрамасынан ұтылды. Жалғыз голды матчтың 82-ші минутында Диего Годин соқты.