Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Wimbledon-2014 турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.

Әлемдік рейтинге 56-шы орында тұрған Андрей Голубев турнирдің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичпен кездесіп, 0:6, 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Новак Джокович екінші айналымда чех Радек Штепанекпен ойнайды. Штепанек бірінші кезеңде уругвайлық теннисші Пабло Куэвастан 6:2, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.