Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2014 жылғы бітіруші түлектерге диплом беру салтанатты жиыны өтті. Оқуын тәмамдаған 249 магистрант пен 2630 бакалавриаттың арасында еліміздің мақтанышы, Лондон олимпиадасының чемпионы Майя Манеза да бар.

 

«Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған спорт саңлағына дипломды аталмыш оқу орнының ректоры Динар Нөкетаева табыстады. 

«Мен Қыздар университетінде білім алып, оқуымды табысты аяқтағаныма қуаныштымын. Осы оқу орнында білім ала жүріп екі дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының чемпионы атандым. Алдағы уақытта магистратураға түсу ойым бар. Бірақ, спорттық карьераны да қоса алып жүремін», – деді дипломды қолына алған Олимпиада чемпионы.