Бокстан әйелдер құрамасы грекиялық Крит аралында Ресей, Тәжікстан және Грекия командалымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚБФ-ның ресми сайты.

ОЖЖ-ға әйелдер арасында ұлттық құрамамыздың бірінші нөмірлері қатысуда: Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (51 келіге дейін), Дина Жоламан (54 келіге дейін), Сәния Сұлтанқызы (57 келіге дейін), Гүлжан Өбниязова (60 келіге дейін), Зарина Цолоева (64 келіге дейін), Дариға Шәкімова (64 келіге дейін), Марина Вольнова (75 келіге дейін), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).

Тоғыз күндік жиыннан кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері жоғарыда аталған елдермен спаррингтер өткізеді.