Әлем біріншілігінің үшінші турының шымылдығын Голландия мен Чили құрамаларының кездесуі ашты. «В» тобының фавориттері топтан бірінші орынмен шығуды сарапқа салды.

Алғашқы он минут қос ұжымның бір бірінің осал тұсын іздеумен өтті. Санчес матчтағы бірінші соққыны жасады, Силессен өз орнында.

Әзірге Голландияда ойын басымдығы болғанмен, тек Чили футболшылары соққы жасауда. Бұрыштама добына бірінші жеткен Орангис қақпаға бағыттағанымен қиыс кетті.

Уесли Снейдер айып добын орындағанымен Браво шеберлік танытты.

Голландия құрамасының капитаны Роббен қақпа маңында үш ойыншыны қапы қалдырып барып, Браво қақпасынан саңлау таппақ болды, алайда Арьенге дәлдік жетіспеді.

Алғашқы таймда Луи Ван Гал шәкірттері айбарлы ойынын көрсете алмады, тек Латын Америка жігіттеріне тойтарыс берумен болды.

 

 

Алекс Санчес бірнеше рет Силессеннің қырағылығын тексеріп көрді. Бірінде қақпадан қиыс кетсе, енді бірінде доп қақпашының қолынан табылды.

Кезекті шабуылда Роббен айып алаңына жақындап келіп, қақпаға соққы жасап көрді, алайда  Браво қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Санчес сол қапталмен сытылып өтіп, допты қақпаға дәл бағыттаған еді, қақпашы Силессен тойтара білді.

Диас ортадан қақпа маңына әуелетіп пас асырып еді, Варгас бірінші жеткенімен допқа оған дәлдік жетіспеді.

Айып добын тұрақты орындайтын Снейдер бұл жолы да қауіпті бағыттады допты.

Мемфис Депайдың ойынға араласуымен еуропалықтардың шабуылы біршама ілгерілей түсті.

 Ортада екі қорғаушыны тамаша алдап өтіп иіріп тұрып соққы жасады, Браво бұл допты қиындықпен алып шықты.

Бұрыштама добынан кейін Вейналдумның қақпа маңына асырған добына бірінші болып Фер жетіп баспен Бравоға қарама қарсы жаққа ұрды. Сонымен матчтағы алғашқы голды «қызғалдақтар» соқты.

Матч соңында қарымта шабуылда Арьен Роббен қақпа маңында тұрған Депайға тамаша пас асырды, ал Мемфис дубль авторы атанды.

 

 

Әлем чемпионаты. В тобы.

Голландия – Чили – 2:0 (0:0)

Голдар: Фер 77, Делай 90

Бас төреші: Нестор Питана

Қосалқы төрешілер: Эрнан Майдана, Хуан Пабло Белатти

23 маусым 2014 22:00 Коринтианс стадионы