«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде албаниялық «Кукеси» командасымен кездеседі.

Алматылық команданың бас бапкері Владимир Вайсс «PROСПОРТ» тілшісіне жеребенің қорытындысы жайлы ойымен бөлісті.

«Еуропада осал командалар жоқ, барлық ұжымдарды құрметтеуіміз қажет. «Кукеси» сапында легионерлер көп, бұған қоса Албаниядағы ойын біз үшін жеңіл болмайтыны анық. Әйтсе де, келесі кезеңге шығу үшін бар күшімізді саламыз», - деді Вайсс.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын шілденің 3-і мен 10-ы күніне жоспарланған.