Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков «PROСПОРТ» тілшісіне «Ширакқа» қарсы кездесуден не күтетінін айтты.

«Қарсыламыз «Ширак» - биыл чемпиондыққа таласқан команда. Ең мықты қарсыламыз болмаса да өте білікті ұжым. Кездесу өте қызықты болмақ. «Ширактың» ойынын әлі көрген жоқпын, алдағы уақытта армениялық команданы зерттейміз. Бірінші кезеңді жаңа ойыншыларсыз өткіземіз», - деді Кумыков.