Футболдан ел чемпионы «Ақтөбе» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде грузиялық «Динамо Тбилисимен» кездеседі.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ел чемпионы Грузияның ең беделді командасы «Динамо Тбилисимен» күш сынасады. Алғашқы кездесу шілденің 15 немесе 16-ы Тбилисиде өтсе, қарымта ойындар шілденің 22 немесе 23-і Қазақстанда жоспарланған.