Футболдан АҚШ құрамасының бапкері Юрген Клинсманн Португалиямен тең ойыннан кейін Германия командасына қарсы кездесуге жоспар құрып қойды.

«Германия құрамасына қарсы матч өте қиын болмақ. Бірақ көп адамдар мен Йоахим Лев досыма хабарласып тең ойнайық деген ұсынысы жасайды деп ойлайды. Сеніңіздер олай болмайды, қос құрама да топтан бірінші орынмен шығуға тырысады әрі әрбір ойынға тек жеңіс үшін шығады. Сондықтан достық туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ», - деп мәлімдейді Клинсманн.