ҚФЛ-ның төрағасы Михаил Гурман өзінің Twitter-дегі парақшасында «Астана» - «Ертіс» ойынын әлем чемпионаты аясында өткен Швейцария – Франция кездесуімен салыстырды.

«Әлем Чемпионатының көлеңкесінде «Астана» мен «Ертіс» ойыншылары лайықты көрінді. Бұл матч Швейцария — Франция кездесуін еске түсірді. Ресейліктер жақсы ойын өрнегін көрсете алмағаны, бастысы нәтиже болмағаны өте өкінішті. Капелло бұл матчты кездесуге дейін ұтылған...», — деп жазды Михаил Ильич.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен «Ертіс» кезедсуі елордалықтардың пайдасына 5:3 есебімен аяқталған болатын.