Бүгін Еуропа футбол қауымдастықтарының Одағы Еуропа Лигасында бақ сынайтын клубтарымыздің қарсылстарын анықтады.

Қарағандылық «Шахтер» өзінің алғашқы кездесуін венгриялық «Диошдьер», армениялық «Ширак», аәзірбайжандық «Габала», македониялық «Турново» мен Гибралтар елінің командасы «Колледж Европаға» қарсы өткізуі мүмкін.

Елордалық «Астананың» қарсыластарының ішінде өткен жылы жолы тоғысқан болгариялық «Ботев», армениялық «Пюник», босниялық «Железничар», молдавиялық «Зимбру», словениялық «Рудар» мен венгриялық «Ференцварош» бар.

Алматылық «Қайраттың» болашақ қарсыластары болып македониялық «Металлург», албаниялық «Кукеси», черногориялық «Будучность», хорватиялық «Сплит» пен болгариялық «Литекс» атануы мүмкін.