«Астана» велокомандасының шабандозы Фабио Ару жақында Алматыға келіп, осы спорт түрімен айналысатын жасөспірім балаларға шеберлік сағатын өткізген болатын.

«Осы спорт түрін енді игеріп келе жатқан жас велошабандозшыларға өз тәжірибеңмен бөлісу бір ғанибет. Осы демалыста біз Алматыда екі веложарысқа қатыстық, бұл өте керемет. Менің Қазақстанға екінші рет келуім және сіздердің қонақжайлықтарыңызға таңқалам», - деді Ару.