Футболдан әлем біріншілігі аясында екінші тур ойындарының соңғы кездесуінде Оңтүстік Корея мен Алжир құрамасы кездесті.

Бразилияның Порту-Алегри қаласындағы «Бейра-Рио» стадионында өрбіген кездесуде іске білек сыбана кіріскен африкандықтар матч басталысымен екі бірдей есеп ашатын мүмкіндікті жүзеге асыра алмады. Алдымен, Софиан Фегули қақпа бағанасынан қиіс тепсе, екі минуттан кейін Ясин Браими бағыттаған соққы қақпа маңдашасынан сәл биік кетті. Алжир құрамасы азиялықтарды бірден қыспаққа алды. Матчтың 8-ші минутында Ислам Сүлеймани бұрыштама допқа бірінші жетіп Чон Сон-Реннің қақпасына баспен соққы жасады, алайда доп қақпаның сыртқы бетінен өтті. Алжир ойыншылары қарсыластың қақпасына соққылар жасауда, бірақ сәтсіз. ГОЛЛЛ!!! Ислам Сүлеймани Карл Меджанинің керемет пасынан қақпашымен бірге-бір шығып, Чон Сон-Ренді қапы қалдырды – 1:0. Араға екі минут салып Алжир құрамасы екінші голын соқты! Орталық қорғаушы Рафик Халиш Абдельмумен Джабудың асырылған бұрыштама добына бірінші жетіп, баспен допты қақпаға сүңгітті – 2:0. Матчтың 37-ші минутында нәтижелі пастың авторы Абдельмумен Джабу есепті іріге жеткізді – 3:0. Алжир құрамасының қарқыны күшті. Оңтүстік кореялықтар өз айып алаңынан шыға алмай жатыр. Тіпті, азиялықтар бірінші тайм барысында Раис Мболидің қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Бірінші тайм аяқталды – 3:0.

Екінші тайм азиялықтардың шабуылдарынан басталды. Голлл! Оңтүстік Корея құрамасы бір гол қайтарды. Леверкузендік «Байердің» жұлдызы Хон Мин Сонның соққысы Алжир қақпашысы Мболидің бұтынан өтіп қақпадан табылды – 3:1. Қарымта шабуылда, Рафик Халиш баспен қауіпті соққы жасаған, бірақ Чон Сон-Рен соққыны сәтті қайтарды. Раис Мболи! Сон-Ен Кидің алыстан бағыттаған соққысын қайтара білді. Кореялықтар допқа иелік етті. Әйтсе де, Алжир ойыншылары қарпалыс сәтте төртінші голдарын соқты. Ясин Браими Софиан Фегулимен пас алмасып кореялық қақпашы Чон Сон-Реннен айласын асырды – 4:1. Алжир капитаны Маджид Бугера Хон Мин Сонға қарсы ереже бұзып, бас төреші Вилмар Рольданнан сары қағаз алды. Ары қарай, кореялықтар тағы бір гол қайтарды! 72-ші минутта Чжа-Чхоль Гу сол қапталдан пас алып, бос тұрған қақпаға допты енгізді – 4:2. Ойын қыза түсті. Азиялықтар шабуылдай бастады. Десек те, шабуылдарына дәлдік жетіспейді. Алжир ойыншылары қорғаныста сәтті ойнауда. Кейін, Хон Мин Со айып соққыны сәтсіз орындады. Содан соң, Дон-Вон Чжи екпіндеп соққы бағыттаған, алайда доп қақпа бағанасынан қиіс кетті. Негізгі уақыт аяқталды. Осылайша, Алжир тартысты ойында 4:2 есеппен жеңіске жетті.             

 

         

Футболдан әлем чемпионаты. Н тобы. 2-ші тур.

Оңтүстік Корея-Алжир – 2:4

Голдар: Хон Мин Сон, 50, Чжа-Чхоль Гу, 72 - Сүлеймани, 26, Халиш, 28, Джабу, 37, Браими, 63