Баспасөз мәслихатында «Атыраудың» бас бапкері Владимир Белявский командаға көңілі толғанын айтты.

- Әріптесімнің қатесін түзеп жіберейін. Сіз жоспар бойынша болмады дедіңіз. Өз кезегімізде біздің жоспарымыз қарсыласымызды қателесуге мәжбүр ету болды. Бұл менің бастамам еді. Біз ойынға жоғары көңіл-күймен шықты. Соның арқасында жеңіске жеттік. Бүгін Кеңес футболының аңызы, Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың келетінін бізге ешкім айтқан жоқ, шетелдіктер, тіпті де, түсінбеді. Басқа клубқа көшіп кеткен Савиодан айырылып қалдық. Доминик сапымызға қосылды, шамасы «Жетысуға» қарсы матчқа қатысатын шығар. Барлық жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын!