Назарларыңызға «Шахтер» мен «Ордабасының» бас бапкерлері қатысқан баспасөз мәслихатын ұсынамыз.

Виктор Кумыков, «Шахтердің» бас бапкері:

- «Ордабасы» командасын жеңісімен құттықтаймын. Бізге төзімділік жетіспеді. Бірінші таймда қарсыласымыздан басым түстік, үзілістен кейін қорғаныста ойнап, екі гол жіберіп алдық. Жеңілісіміздің нақты себептері бар. Біріншіден, екі күн бұрын бізге ауыр соққан кубоктық ойын өткіздік, ал ол бүгін жігіттердің шаршаңқы ойнағанынан көрініп тұрды. Екіншіден, Алматыдағы таулар арасында өткен жиыннан соң осы күндері сәл бәсеңдеу де болады. Осы екі себеп матчтың нәтижесіне әсер етті.

Саулюс Ширмялис, «Ордабасының» бас бапкері:

- Жігіттерге айтар алғысым зор, себебі алаңда кейде қозғалу қиын болды. Қарсыласымызды былай қойғанда, осындай ыстықта ойнау бізге де қиынға соқты. Олар мұндай температураға үйренбеген.