Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боске шәкірттерінің өздерін ғана ойлайтынын айтты.

«Ойыншыларға алғысым шексіз. Мен оларды жиі ойлаймын. Бірақ олар өздері туралы ғана ойлайды.

Ешқандай сылтау іздегім келмейді. Кейбір сындар жаныма қатты батты, себебі ол менің туған үйімнен айтылды. «Реалдың» ресми сайтынан немесе «Реалға» қатысты сайттардың бірінен менің «Барселона» ойыншыларының қуыршығы екенімді жазғанын көру - маған ауыр. Ал қалғандарын қабылдай аламын.»