Қызылордалық «Қайсар» өз алаңында ел чемпионы «Ақтөбенің» қолынан жеңісті соңғы минутта жұлып алды. Осылайша, матч тең есеппен аяқталды.

14-минутта бұрынғы ақтөбелік Антон Землянухин есеп ашты, ал батысқазақстандықтар бұған екінші таймда ғана жауап бере алды. 52-минутта Игорь Зенькович пенальтиден таразы басын теңестірді. Кейін таймның орта белінде армениялық Марко Пиззели Владимир Никитенко шәкірттерін алға шығарды. Десе де, ел чемпиондары бұл жеңісті есепті кездесудің соңына дейін ұстай алмады. Төреші қосқан қосымша минут аяқталар тұста Хунт «қасқырларға» бір ұпай әкелді.

Ел чемпиондары Премьер-лигадағы төртінші кездесуінде жеңіске жете алмады. Алайда чемпионат басындағы сәтті ойындары команданы көш басында сақтап тұр. Ал «Қайсар» да бұл кездесуінен кейін өз орнында қалады.

Қайсар – Ақтөбе 2:2 (1:0)

Голдар: 1:0 – Землянухин 14, 1:1 – Зенькович (пен) 50, 1:2 – Пиззели 72, 2:2 – Хунт 90