Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-ші турында елордалық «Астана»  керекулік «Ертісті» қабылдады. «Астана-Аренада» өрбіген тартысты матч 5:3  есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.

Алғашқы таймда жанкүйерлер бес голдың куәсі болды. Фокси Кетевоама мен Сисеро ойының ширек бөлігінде көзге түсті. Дегенмен, тура бір минуттан кейін Бақаев есепті қысқартқан. Артынша Дудченко дәл соққымен таразы басын теңестірді. 32-ші минутта Кояшевич Катляр қорғаған қақпаға үшінші допты аттандырды.

Екінші кезеңнің басында Абылайхан Тотай Еричтің қақпасынан саңлау тапты - 3:3. Ойынның соңына дейін гвинеялық Бисау Сисеру дубль жасап, Бауыржан Жолшиев матчтағы есепті қорытындылады.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы. 17-ші тур.

«Астана» - «Ертіс» (Кереку) - 5:3

Голдар: 6' Кетевоама, 17' Сисеро, 22' Бакаев, 31' Дудченко, 32' Кояшевич, 47' Абылайхан Тотай, 61' Сисеру, 90' Жолчиев