Алматылық «Қайрат» ҚПЛ-да ойнайтын ойыншылар тізімінен бес футболшыны шығарып тастады, деп хабарлайды КФЛ ресми сайты.

Бұл қадамға алматылық ұжым ойыншылардың жарақат алуынан және келісімшар  бұзылғандықтан барып отыр. Клуб басшылығы жарақат алған Милош Лачны мен Момоду Сиссейдің орнына басқа легионерлерді тартуды жоспарлап отыр.

«Кайрат» клубының спорттық директоры Патрик ван Луивен Еуропа Лигасы қарсаңында мықты ойнышылармен толығады деп мәлімдеген болатын.

Тағы да алматылық клуб Владимир Седельников, Шерхан Бауыржан мен Владислав Нехтийді тізіммен шығарды.